Бітіруші түлектерге арналған "Аттестат тапсыру" мерекелік іс-шарасы
Мектебімізде 2024–2025 оқу жылында 117 оқушы мектепті аяқтады. Олардың ішінде 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 5 оқушы «Үздік аттестат» алды. Қымбатты түлектер! Мектеп атты өмірлік үлкен жолдың алғашқы белесін бағындырдыңыздар Армандарыңыз асқақ, бағыт айқын болсын! Білім мен тәрбиенің іргетасын қалаған осы жылдар — алдағы жарқын болашаққа берік негіз болғай! Жолдарыңыз болсын, түлектер! Ел үмітін ақтайтын азамат болыңыздар! Құрметті ата-аналар! Бүгінгі күн — сіздердің де мерекелеріңіз!