Шымкент қаласы білім басқармасының
"№59 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(87252) 95-47-47
(8707) 592-77-22
Версия для
слабовидящих
16
сентябрь
2026

1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Admin_59
16 сентября 2026 13:46
1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ!

№59  жалпы орта білім беретін мектебінде 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Қазақстан Республикасының конститутциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың жаңа негізі» тақырыбында салтанатты жиыны өтті.

Мерекелік шараға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Қонақтар қатарында Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының прокуроры Әсем Умарбекқызы,  ата-аналар комитетінің төрағасы  Манапова Мадина Ережепқызы қатысты.

Құрметті қонақтар мен мектеп директоры Сахова Мөлдір Бекбосынқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. 🔔🎓

🌿 Биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың бойына отаншылдық, бірлік, әділдік, жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және жаңашылдық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасады.

Оқу жылының алғашқы сабағында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтар кеңінен насихатталды.

✨ Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білімді де адал ұрпақ – ел болашағы! 🇰🇿📚

#БілімКүні2026 
#АдалАзамат 
#ЖаңаОқуЖылы